Құрметті ата-аналар!
Сізден баланы ұқыпты киіндіріп тәрбиешіге жеке өзіне табыстауыңызды сұраймыз.
Тәрбиешілерге балаларды мастық күйдегі тұлғаларға, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға, тәрбиешінің ата-аналары алдын ала ескертусіз және тиісті құжатсыз (баланы алуға және ата-аналардың өтінішімен келген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі) бейтаныс тұлғаларға табыстауға үзілді-кесілді тыйым салынатындығы есіңізде болсын.
Баланы топқа 8:00ге дейін әкелуіңіз дұрыс болады – өйткені балаға басқа балалармен бірге топтың өмірі мен тәртіптік сәттеріне қосылу және сабаққа дейін достарымен қарым-қатынас жасау, сүйікті ойындарын ойнау, таңғы жаттығу жасау жеңіл болады.
Егер Сіз баланы қандайда бір тәртіптіс сәт басталғаннан кейін әкелген болсаңыз, онда баланы шешіндіріп онымен бірге жақын арада болатын үзіліске дейін киім ауыстыратын бөлмеде күтуіңізді өтінеміз, тәрбиешіні басқа балалардан алаңдатпаңыз.
Сізден баланың қалтасында үшкір, кескіш, тікенді және ұсақ заттардың, кәмпиттер мен сағыздардың болмауын қадағалауыңызды сұраймыз.
Сізге, балабақшаға баланың өзімен бірге дәрілік құралдарды алып кіруіне болмайтындығын ескертеміз, педагогтердің тәрбиеленушілерді емдеуіне қатаң тыйым салынады.
Балабақшаға науқастанған баланы апармауды өтінеміз. Баланың науқастанып қалғандығы туралы 27-59-11, 27-59-12 телефон нөмірлеріне бірден хабарлаңыз. Бала сауыққаннан кейін балабақшаға баруға рұқсаты бар медициналық анықтама ұсынуыңыз қажет.
Топтағы балаларға бір-бірін ұруға, ренжітуге, жеке заттарын рұқсатсыз алуға, оның ішінде басқа балалардың үйден алып келген ойыншықтарын алуға, басқа балалардың істеген еңбектерінің нәтижесін бұзып сындыруға рұқсат етілмейді. Балалардың бір-біріне «жауап берулеріне», сол сияқты бір-біріне шабуыл жасауларына рұқсат берілмейді. Бұл талаптар әр баланың қауіпсіздігін ойлаумен жазылды.
Даулы жанжалдық жағдайларды балалар мен басқа ата-аналардың алдында шешпеуіңізді өтінеміз. Егер диалогқа келу мүмкіндігі болмаса, көмекке меңгерушіге жүгініңіз.
Балабақшаға апаруға болмайды:
- Ойыншықтар. Жеке ойыншықтың болуы тек бір балаға бір ойыншық дегенді білдіреді, өйткені әр бала онымен құрдастарымен бөлісе бермейді, содан есіру, айқайлау және жанжал басталады. Бала үйден алып келген ойыншықтармен өзінің бактериялық ортасын алып келіп қайтарда бөтенін алып кетеді.
- Дәрілерді, дәрумендерді, тамшыларды, спрейлер, кез келген дәрілік препараттарды, ББҚы, дәрілік мұз кәмпиттерді, құрамында есірткі бар заттектерді және т.с.с..
- Азық-түліктерді.
- Сағызды.
- Қауіпті ойыншықтарды (тікенді, ұштары металл немесе пластмасса қысқа сапты найзашалар тәрізді, оқтар садағымен).
- Медициналық құралдарды (шприцтер, стетоскоптар, ларингоскоптар, неврологиялық балғалар, термометрлер, бұраулар, дәрі тамызғыштар, қалақшалар және т.б.)
- Косметикалық препараттарды (косметиканың әртүрлі заттарын: балаларға арналған немесе ересектер иіссуы немесе әтір, тырнаққа арналған лак, тушь, далаптар, опа-далаптар, спонждар және т.б.).
- Үшкір заттарды (түйреуіштер, таңбашалар, танамоншақтар, қыстырғыштар, батырмалар, қайшылар, пышақтар, маникюр жиынтығынан алынған заттар, сымдар).
- Жиһазға арналған бекітпе материалдары мен фурнитураларды (шегелер, бұрандалы шегелер, өздігінен тескіш бұрамалар, бұрандамалар, сомындар және т.б.).
- Құралдарды (бұрауыштар, тістеуіктер, ажыратқыш кілттер және т.б.).
- Ұсақ заттарды (түймелерді, моншақтарды, бисерлерді, ұсақ әшекейлерді, ойыншықтардың ұсақ бөлшектерін).
- Жіп бұйымдары (баулар, ширақтар, баудың әртүрлі түрлері).
- Шыны заттарды (айнаны, шыны сауыттар, бөтелкелерді, шыны ойыншықтарды).
- Қару ойыншықтар (тапаншалар, автоматтар, қылыштар, семсерлер, қанжарлар).
- Сіріңкелерді, оттықтарды.
- Ескі, кір ойыншықтарды, жұмсақ ойыншықтарды, үрме шарларды, лазер ойыншықтарды.
- Бағалы заттарды (алтын және күміс әшекейлерді, қымбат тұратын ойыншықтарды, кітаптарды).
- Ақшаларды (тиындарды).
- Жұмыс жасап тұрған ұялы телефондарды.
- Жануарларды (құстарды, тышқандарды, тасбақаларды және т.б.), жануарларға арналған азықтарды.
Балабақшаға бару ережесінде баланың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар бар, олар:
- Жуылған таза бет.
- Мұрын мен қолдары таза.
- Тырнақтары алынған.
- Мұнтаздай келбет, киімінің түймелерінің барлығы салынған.
- Іш киімі таза.
- Қол орамалының саны жеткілікті болуы.
- Дене шынықтыру сабағына арналған спорт формасы: шолақ шалбар, футболка, шұлық, чешка
Балаға балабақшада болғанда жайлы жағдай жасау үшін мыналар қажет:
- Ауыстыратын іш киімдер жиынтығы екеуден кем болмауы: ұлдарға – қысқа шалбар, шолақ дамбалдар, колготкалар; қыздарға – колготкалар, шолақ дамбалдар. Жылы уақытта — шұлықтар, гольфтар.
- Ұйықтауға арналған іш киімдер жиынтығы екеуден кем болмауы (пижама).
- Екі пакет: таза іш киімді сақтауға арналған, пайдаланылған іш киімді сақтауға арналған.
- Іш киім, киім және басқа заттарда таңба болуы тиіс.
Баланы балабақшаға апармас бұрын оның костюмі жыл мезгіліне және ауа температурасына сәйкес келетінін тексеріңіз.
Баланың киімі өте кең болмауын және оның қозғалысына бөгет болмауын қадағалаңыз. Баулары мен түймелері бала өзіне қызмет көрсете алатындай орналастырылған болуы тиіс. Аяқ киімі жеңіл, жылы, баланың аяғына дәл сәйкес, киіп шешуіне ыңғайлы оңай болуы керек.
Балаға қол орамал имараттың ішінде де серуендеу кезінде де қажет. Оны сақтау үшін киіміне ыңғайлы қалта жасаңыз.
Жарақаттану жағдайын болдырмау үшін, ата-аналар баланың киіміндегі қалтада қауіпті заттардың болмауын тексеруі қажет.
Балабақшаға кескіш, үшкір шыны заттарды (қайшыларды, пышақтарды, түйреуіштерді, шегелерді, сымдарды, айналарды, шыны сауыттарды), сонымен бірге ұсақ заттарды (моншақтарды, түймелерді) әкелуге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Бір-біріңізге сыпайы болыңыздар!
Сіздің балаңыз Сізден БАРЛЫҒЫН, жақсыны да, жаманды да сіңіріп алатыны есіңізде болсын. Өзіңізді жиі сырттай бақылаңыз, ісіңізге талдау жасаңыз: Сіз өзіңізді өзгерте отырып өз балаңызды өзгертесіз!